Азиада жүлдегерлері мен бапкерлеріне қанша сыйақы төленеді?

Азиада жүлдегерлері мен бапкерлеріне қанша сыйақы төленеді?
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы Аичи мен Нагояда өткен 2026 жылғы Азия ойындарында 84 жүлде иеленді. Жүлдеге қол жеткізген спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына мемлекет тарапынан ақшалай сыйақы төленеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысына сәйкес, Азия ойындарында алтын алған спортшыға 10 мың доллар, күміс жүлдегерге 5 мың доллар, ал қола жүлдегерге 3 мың доллар теңге баламасында беріледі. Қазіргі есеппен бұл тиісінше 4 477 300, 2 238 650 және 1 343 190 теңге.

Алайда жалпы төлем көлемі тек медаль санына қарап есептелмейді. Командалық жарыста жүлде алған құраманың әр мүшесіне жеке сыйақы беріледі.

Мысалы, бірнеше спортшыдан құралған команда алтын жүлде иеленсе, оның әрқайсысы чемпионға белгіленген соманы алады. Сондықтан командалық сайыстағы бір алтын медаль үшін мемлекет бірнеше спортшыға жеке-жеке сыйақы төлейді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Олимпиялық ойындар™ (@olympia_da) жариялаған пост

Айта кетейік, Азия ойындарының жүлдегерлерін дайындаған жаттықтырушылар үшін де бөлек төлемдер қарастырылған.

Алтын медаль иегерін дайындағаны үшін 5 мың доллар, күміс жүлдегер үшін – 3 мың доллар, қола жүлдегер үшін – 2 мың доллар (тиісінше 2 238 650, 1 343 190 және 895 460 теңге) төленеді.

Қазақстан қанша медаль жеңіп алды?

Еске салайық, Айчи мен Нагоядағы 2026 жылғы Азиадада Қазақстан құрамасы 84 медаль иеленді: 12 алтын, 24 күміс және 48 қола. Жалпыкомандалық есепте ұлттық құрама сегізінші орынға табан тіреді.

итоговый медальный зачёт Азиады

Азиаданың қорытынды медальдық есебі. Скриншот: results.asiangames2026.org

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget