Азиада-2026: Ясмина Тоқсанбаева ел қоржынына тоғызыншы алтын салды

Азиада-2026: Ясмина Тоқсанбаева ел қоржынына тоғызыншы алтын салды
Фото: ҰОК

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы жексенбі, 27 қыркүйекте Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстандық спортшы 3:22:22 нәтижесін көрсетіп, алтын медаль иеленді. Екінші орынды 3 сағат 26 минут 9 секунд нәтижесімен Қытай өкілі Данцзин Цюйцзун, үшінші орынды 3 сағат 32 минут 26 секунд уақыт көрсеткен Ли Ма (ҚХР) иеленді.

21 жастағы Тоқсанбаева үшін бұл жеңіс мансабындағы басты жетістіктердің бірі болды. Спортшы бұған дейін де құрлықтық додалардың тұғырынан көрінген: 2025 жылы ол 20 шақырымға спорттық жүруден Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алған болатын.

Еске салайық, бұл - Жапониядағы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына түскен тоғызыншы алтын медаль. Жеңіл атлетика жарыстарында қазақстандық спортшылар 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget