Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында топ жарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы жексенбі, 20 қыркүйекте республикалық Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Бұл - Қазақстан құрамасының биылғы Азиададағы алғашқы алтын жүлдесі. Рината Сұлтанова алғашқы жарыс күнінде жеңіске жетіп, ұлттық құраманың алтын медальдар есебін ашты", - делінген хабарламада.
Қазақстандық спортшы 36 минут 23,72 секунд уақыт көрсеткішін тіркеді. Күміс медаль Қытай өкілі Чжан Хаоға бұйырды (36 минут 28,40 секунд), қола жүлдені 36 минут 56,14 секунд нәтижесімен Оңтүстік Корея спортшысы Син Джиын иеленді.
Бұл - Рината Сұлтанованың екінші Азиадасы. Бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында ол жекелей уақытқа жарысудан қола медаль жеңіп алған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz