Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына қатысатын спортшылардың құрамын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағының баспасөз қызметі.
Алдағы Азия ойындарында медаль үшін келесі спортшылар бақ сынайды:
Ерлер арасындағы жекелей сырғанау: Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, қосалқы құрамда - Рахат Бралин.
Әйелдер арасындағы жекелей сырғанау: Софья Самоделкина, Софья Фарафонова, қосалқы құрамда - Анна Левковец.
Мұз үстіндегі би: Гауһар Наурызова / Байсанғұр Датиев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз