- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әзербайжандағы оқиға қайталанбаса...
"Әзербайжандағы оқиға қайталанбаса болды". Есікте жаттықтырушының балаларды жұлқылағаны видеоға түсіп қалды
Алматы облысындағы Есік қаласында "Айжан" балабақшасына баласын апаратын ата-аналар карате жаттықтырушысы тәрбиешілерді ұратынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек балабақшаның спортзалында орнатылған бейнебақылау камералары арқылы расталған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желіде адамдар пікірі екіге бөлінген.
"Әзербайжандағы оқиға қайталанбаса болды"
"Дұрыс істеп жатыр, бұлай істемесе тәртіп болмайды"
"Камера бар жерде осылай істеп тұрса, камера жоқ жерде балаларға не істейді?"
Оқиға 2023 жылы 26 мамырда болған.
"Балабақша қызметкерлерімен жиналыс өткізілді, карат жаттықтырушысы педагогикалық этикада көрсетілген міндеттерді орындамағаны үшін "қатаң сөгіс" түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, ол өз еркімен жұмыстан шығарылғанын хабарлаймыз", - деп түсіндірді әкімдік өкілдері болған оқиға туралы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина