Әзербайжан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ильгар Ғасымов жарақат алған үш әзербайжандықтың жағдайы ауыр және жасанды тыныс алу аппараттарына қосылғанын айтты. Олардың жағдайы тұрақталғаннан кейін ғана тасымалдау мүмкін болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Minval_az Telegram-каналына сілтеме жасап.
Ол зардап шеккендердің кейбіріне бас сүйек-ми зақымы мен ауыр жарақаттар диагнозы қойылғанын айтты. Емдеу Ақтау ауруханасында жүргізіледі.
"Қазақстанда жараланғандарға жоғары білікті медициналық көмек көрсетілді", - деді Ильгар Ғасымов.
26 желтоқсанда ұшақ апатынан зардап шеккен Әзербайжанның 14 азаматы және 25 желтоқсанда Ақтауға келген ел делегациясының 20 мүшесі отанына оралды.
Үйлеріне оралғандардың арасында екі бортсерік пен бір бала бар. Олар ауруханада қажетті ем алып, жағдайы тұрақталған соң Бакуге аттанды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз