Әзербайжан президенті қазанда Қазақстанға келуі мүмкін

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекеттер басшылары бұл мәселені жуырда телефон арқылы сөйлескен кезде талқылаған.

"Қазір сапардың нақты мерзімі мен мазмұны келісіліп жатыр. Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған еді. Президенттер өзара байланыстарымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі елдің одақтастық қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды", - деп жазды Руслан Желдібай.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз