Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Астанада маңызды жаңалықты жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әзербайжан оккупация басталған мезеттен бергі Арменияға жүк тасымалдауға қойылған шектеудің бәрін алып тастады. Арменияға алғашқы жүк транзиті ретінде қазақстандық бидай жіберілді. Бұл - Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік қағаз жүзінде қалмай, нақты орнағанын көрсететін жарқын мысал", - деді Ильхам Әлиев.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Alem.AI орталығына барды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова