Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Астанада қандай көлікпен жүргені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
10 сәуірде Ақордада Қазақстан мен Әзербайжан президенттері ресми сапар аясында кездесу өткізді.
Осыдан кейін олар Астанадағы Гейдар Әлиев атындағы көшенің ашылуына бірге барады деп жоспарланып отыр.
Ал Әзербайжан президенті Астанада Mercedes-Benz компаниясының сирек кездесетін көлігін мініп жүр. S-Class санатындағы көліктің екі жағында Қазақстан мен Әзербайжанның туы ілінген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!