Астанада алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Әзербайжанның 29 жастағы азаматы Бакуде ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол 2022 жылғы ақпан айында астаналық әйелді алдап, 5 250 000 теңге көлемінде ақшаны заңсыз иемденіп алғаны белгілі болды.
Ақпараттық жүйені пайдаланушының сенімін асыра пайдаланып, ол өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, банктік шоттарды қаскөйлердің әрекеттерінен қорғау сылтауымен қолма-қол ақшаны иемденген.
Ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің бабы – ірі көлемде жасалған алаяқтық айыбы тағылды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі қайта тапсыру мәселесі шешіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз