- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Аздаған мүмкіндігі бар"....
"Аздаған мүмкіндігі бар". Сарапшы Головкин - Канело трилогиясына болжам жасады
Boxingnews24.com порталының авторы Крейг Пейдж қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) денеге жасалатын соққыларға осал екенін және Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 30 КО) осыны пайдаланатынын айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Трилогия 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.
"Әлбетте, Головкиннің "Канелоны" жеңуге аздаған мүмкіндігі бар. Бірақ ол үшін Риота Мурата, Камил Шеремета және Сергей Деревянченкомен өткізген кейінгі айқастарынан айтарлықтай жақсы жұдырықтасу керек.
Мурата және Деревянченкомен жекпе-жекте Головкин денеден көп соққы алды. "Канело" осыны барынша пайдаланады, бар назарын осыған бұратын шығар. Денеден соққы жасап, Головкиннің әлсіз тұсын пайдалану үшін", - дейді сарапшы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Төлеш