Азат Күмісбай дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола алды

Азат Күмісбай дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола алды
Фото: olympic.kz

Отандық дзюдошы Азат Күмісбай Душанбедегі (Тәжікстан) жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде үшінші орын алды,  – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол 81 келіге дейінгі салмақта жетістікке жетті. 

Қола жүлде үшін күресте Азат тәжікстандық Сунатулло Мусоевтан басым түсті. 

Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар да үшінші орын алған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан