Азаптау ісі: Антикордың бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады.

"3 шілдеде Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігінің 1), 2) тармақтарында көзделген қылмысты (азаптау) жасады деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Т.М. Татубаев ұсталды", - деп жазылған хабарламада.

Қазір соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Талғат Татубаев 1976 жылы 9 қазанда Қарағандыда дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 20 жылдан аса еңбек өтілі бар.

Ішкі істер органдарында, қаржы полициясында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде, сондай-ақ, Бас прокуратурада түрлі, соның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз