- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Азаптаған сәтін видеоға...
"Азаптаған сәтін видеоға түсірген". Мысықты аяусыз ұрып өлтірген ер адам сот алдында жауап берді
Еден жуғышпен көршісінің мысығын ұрып өлтірген ақтаулық тұрғын сот алдында жауап беріп жатыр. Мысық айыпталушының үйіне жиі келіп алады екен, ал бұл ер адамға ұнамаған көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, енді ер адам 50 тәулікке дейін қамауға алынып немесе жарты миллион теңгеден аса айыппұл төлеуі мүмкін.
Айыпталушы мысықты азаптаған сәтін видеоға түсіріп, жануардың иесіне жіберген. Істегі басты айғақ та сол. Артынша мысық подъезде табылған.
35 жастағы ақтаулыққа мысық оның үйіне жиі келіп алатыны ұнамаған. Бірақ жануардың иесі мысық сол күні далаға бірінші рет шыққанын айтқан. Мұны олардың ортақ көршілері де растаған.
Артынша ер адам дамыл-дамыл мысықтарды аңдитын болып шыққан. Полицияның қылмыстық іс қозғауына да осы себеп болған екен.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина