- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Азаматтарды тіркеу үшін...
Азаматтарды тіркеу үшін ХҚКО мереке күндері де жұмыс істейді
Көші-қон полициясының заңнамасындағы жаңа ережелерді қабылдауға байланысты тұрғылықты жері бойынша азаматтарды уақытша тіркеу қызметі ҚР ІІМ көші-қон полициясының мекемесіне қарасты, оның қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы фронт-кеңселерінің жүктемесін азайту мақсатында Астана мен Алматы қалаларында 7 қаңтар күнін жұмыс күні етуге шешім қабылданды. «7 қаңтарды жұмыс күні ету шешімі ҚР ішкі істер министрлігімен бірлесіп қабылданды. Бұл бірінше кезекте халыққа ыңғайлылық үшін жасалды. Астана мен Алматы қалаларының, облыс орталықтарының Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 9.00-15.00 аралығында азаматтар тіркеуден өту үшін жұмыс істейді» - деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасы Данияр Еренчинов.
Ол қалған уақытта облыс орталықтарындағы азаматтар жылжымайтын мүліктің орналасу жеріне қарамастан уақытша тіркеуден өтулеріне болатынын ескертті. Мысалы, егер сіз Қостанай қаласының орталығында тұратын болсаңыз, тіркеуден өту үшін сізге Таран көшесі, 114 мекенжейда орналасқан №1 ХҚКО-ға келу міндетті емес, яғни сіз тіркеуге тұру процедурасын Гашек көшесі, 14 мекенжайындағы №2 бөлімінен де жүзеге асыра аласыз. Бірақ, экс-аумақтық қағидаты Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қолданылмайтынын есте сақтағаныңыз жөн. Бұл қалалардың тұрғындары жылжымайтын мүліктің орналасқан жеріндегі ХҚКО-ларға баруы тиіс. Яғни, сіз тіркеуге тұратын пәтер Астана қаласының Есіл ауданына қарасты болса, тіркеуге тұру үшін Достық көшесі, 20 мекенжайындағы Есіл аудандық №1 бөліміне жүгіну керек.
Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін үйдің меншік иесі және тіркеуге тұратын азаматтың өзі келуі тиіс. Екеуі де өзімен бірге жеке басының куәлігін, меншік иесі – пәтерге құқық белгілеуші құжатты, ал тіркеуге тұрушы – АЕК-тің 10% құрайтын баж салығын төлегені туралы түбіртекті әкелулері шарт.
Анықтама ретінде: Астана қаласы бойынша 7 қаңтар күні 9.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейтін ХҚКО бөлімдері
1. Есіл ауданының №1 бөлімі - Достық көш., 20
2. Алматы ауданының №3 бөлімі - Күйші Дина көш., 29/1
3. Алматы ауданының №4 бөлімі - Сәтпаев көш., 25
4. Сарыарқа ауданының № 5 бөлімі - С-409 көш., 13
5. Сарыарқа ауданының № 6 бөлімі - Республика даңғ., 43
Алматы қаласы бойынша:
1. Алматы ауданының бөлімі - Бөгенбай Батыр көш., 221
2. Әуезов ауданының бөлімі - Жандосов көш., 51
3. Алатау ауданының бөлімі - Шаңырақ 2 ы/а., Жанқожа батыр көш., 24
4. Бостандық ауданының бөлімі - Алмагүл ы/а., Ходжанов көш., а 9 А
5. Жетісу ауданының бөлімі - Құлагер ы/а., Серіков көш., 6А
6. Медеу ауданының бөлімі - Марков көш., 44
7. Түрксіб ауданының бөлімі - Рихард Зорге көш., 9
8. Наурызбай ауданының бөлімі – Ақжар ы/а., Егінсу көш., 33
Ақтөбе қаласы бойынша
1. Ақтөбе қалалық №1 бөлім - Тургенев көш., 109
2. Ақтөбе қалалық №2 бөлім - 12 ы/а, 38 Б
Ақтау қаласы бойынша
1. Ақтау қалалық бөлім - 15 ы/а., 67 б
Атырау қаласы бойынша
1. Атырау қалалық № 1 бөлім - Сатпаев көш., 23
2. Атырау қалалық № 2 бөлім - Баймұханов көш., 16А
3. Атырау қалалық № 3 бөлім - Балықшы ы/а., Байжігітов көш., 80А
Шымкент қаласы бойынша
1. №1 бөлім - Мәделі Қожа № 1 Г
2. №2 бөлім - Мәделі Қожа № 1 Г
3. №3 бөлім - Джангельдин көш., 13А
4. №4 бөлім - Күншығыс ы/а., 116/1
5. №5 бөлім - Нұрсат ы/а., 24/1
6. №6 бөлім - Сайрам тұрғын үй кешені, Ибрагим ата көш., н/ж
7. №7 бөлім - Қызылжар ы/а., Хамза көш., 33
Павлодар қаласы бойынша
1. № 1 бөлім - Кутузов көш., 204
2. № 2 бөлім - Исиналиев көш., 24
3. № 3 бөлім - Павлов көш., 48
Петропавл қаласы бойынша
1. №1 бөлім - М. Әуезов көш., 157
2. №2 бөлім - Қазақстан конституциясы көш., 72
Көкшетау қаласы бойынша
1. Көкшетау қалалық №1 бөлім - М. Әуезов көш., 189 А
2. Көкшетау қалалық №2 бөлім - Абай көш., 96
Талдықорған қаласы бойынша
1. Талдықорған қалалық бөлімі - Тәуелсіздік көш., 67 Б
Өскемен қаласы бойынша
1. Өскемен қалалық №1 бөлім - Сәтпаев данғ., 34/2
2. Өскемен қалалық №2 бөлім - Қазақстан көш., 99/ 1
3. Өскемен қалалық №3 бөлім - Белинский көш., 37, а
Семей қаласы бойынша
1. Семей қалалық №1 бөлім - 408-орам, 21
2. Семей қалалық №2 бөлім - Б. Момышұлы көш., 22
Тараз қаласы бойынша
1. Тараз қалалық №1 бөлім - Қойгелді көш., 158
2. Тараз қалалық №2 бөлім - Талас ы/а., 2
3. Тараз қалалық №3 бөлім - Абай даңғ., 232
4. тараз қалалық №4 бөлім - Сәтпаев көш., 1Б
Орал қаласы бойынша
1. Орал қалалық №1 бөлім - Жамбыл көш., 81/2
2. Орал қалалық №2 бөлім - Құрманғазы көш., 173
Қарағанды қаласы бойынша
1. Қарағанды қалалық №1 бөлім - Ержанов көш., 47/3
2. Қарағанды қалалық №2 бөлім - Чкалов көш., 7
3. Қарағанды қалалық №3 бөлім - Тәттімбет көш., 10/5
4. Қарағанды қалалық №4 бөлім - Архитектурная көш., 8
5. Қарағанды қалалық № 5 бөлім - 21 ы/а., 6/7
6. Қарағанды қалалық №6 бөлім - Серов көш., 73
Қостанай қаласы бойынша
1. Қостанай қалалық № 1 бөлім - Таран көш., 114
2. Қостанай қалалық № 2 бөлім - Гашек көш., 14
Қызылорда қаласы бойынша
1. Қызылорда қалалық №1 бөлім - Мұратбаев көш., 2Е
2. Қызылорда қалалық №2 бөлім - Тасбөгет а., Амангелді көш., 8 А
3. Қызылорда қалалық №3 бөлім - Ақмешіт ы/а., 1Б