Ішкі істер министрлігі өкілдері ЖСН-ны өзгертуге қатысты желіде тарап жатқан ақпаратты түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желіде "ЖСН-ны өзгертуге болады" деген ақпарат тарап жатыр. Азаматтар заңнама талаптарына сәйкес уәкілетті органдарға жүгіну арқылы өздерінің аты-жөнін және басқа да жеке дерегін өзгертуге құқылы.
"Алайда ЖСН азаматқа бір рет беріледі және қайта өзгертілмейді", - деді ІІМ өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова