“Азаматтар апат кезінде қалай әрекет ететінін білуге тиіс“ - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, маңызды мәселе жөнінде айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының пікірінше, азаматтарға, балалар мен жастарға өрт, су тасқыны, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерін мұқият, түсінікті тілмен жеткізу қажет.

"Олар апат кезінде қалай әрекет ететінін білуге тиіс. Сонымен қатар, күнделікті өмірде, тыныш уақытта қауіпсіздік шараларын ұдайы есте сақтағаны жөн. Көпшілікті табиғат аясында демалу, су айдынында шомылу, тауға шығу, ауа райы жайсыз кезде және басқа да жағдайларда көлік жүргізу сияқты азаматтардың денсаулығы мен өміріне қатер төндіретін сәттерде жауапкершілік танытуға үндеу маңызды", – деді Мемлекет басшысы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз