- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Азамат Сатыбалды қызметінен...
Азамат Сатыбалды қызметінен босатылды ма? Министрлік жауап берді
Желіде Азамат Сатыбалды "Қазақфильмнің" президенті қызметінен кеткені туралы ақпарат тарап жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кешелі бері "Қазақфильм" президенті Азамат Сатыбалдының қызметінен кеткені туралы ақпарат тарап жатыр.
Massaget.kz тілшісі бұл ақпаратқа қатысты министрлікке сауал жолдады.
"ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының президенті Азамат Сатыбалдының қызметінен босатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды", - деп жауап берді Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін "Қазақфильмнің" баспасөз қызметі Massaget.kz тілшісіне бұл ақпаратты растамаған еді.
"Жоқ, растамаймыз, бұл - жалған ақпарат", - деді "Қазақфильмнің" баспасөз хатшысы Бота Сембек тілшімізге телефон арқылы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек