Желіде Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" президенті қызметінен кеткені туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алайда "Қазақфильмнің" баспасөз қызметі Massaget.kz тілшісіне бұл ақпаратты растамады.
"Жоқ, растамаймыз, бұл - жалған ақпарат", - деді "Қазақфильмнің" баспасөз хатшысы Бота Сембек тілшімізге телефон арқылы.
Еске салайық, бұған дейін Азамат Сатыбалды Massaget.kz порталына сұхбат берген еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!