“Аз уақытта қымбаттатып жіберген“. Қазақстанда ет сатуға қатысты бақылау күшейді

Ауыл шаруашылығы министрлігі ет нарығындағы делдалдарға бақылауды күшейтті. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шенеуніктің айтуынша, елімізде өндірілетін еттің көлемі жеткілікті. Сауда орындарына жүргізілген үш күндік рейд барысында фермерлер көтерме саудада өз өнімдерінің келісін 3 000-3 500 теңгеден өткізетіні анықталған.

Сонымен қатар, делдалдар аз уақыт ішінде ет бағасын едәуір көтеріп жіберетіні де белгілі болған.

"Бір жерден 3 200 теңгеден сатып алып, сауда желілеріне 3 800 теңгеден тапсыратын жайттар кездесті. Бір сағат ішінде бір келіден 600 теңге пайда табады. Делдалдармен жұмыс жүргізу керек. Cауда министрлігімен бірлесіп, бұл жұмысты одан әрі жалғастырамыз", - деді Айдарбек Сапаров.

Еске cалайық, бұған дейін Қазақстанда сиыр еті бойынша жедел желі іске қосылғаны хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!