Алматыда қарызы бар көліктер арнайы тұрақтарға қойылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кейінгі бес күнде полицейлер "Қорғау" жүйесі арқылы 20-дан аса көлікті тоқтатқан. Жүргізушілерде өтелмеген айыппұл жиналып қалған.
"Көліктердің басым бөлігі шетелдік есепте тұр. Алайда олардың арасында қазақстандық нөмірлі көліктер де бар. Ең көп берешек Қырғызстанда тіркелген BMW көлігінен анықталды. Оның өтелмеген айыппұлы 1 миллион 700 мың теңгеден асқан", - деді ІІМ өкілі.
Көліктер ақпараттық жүйелер мен бейнебақылау камералары арқылы анықталады. Кейін олар арнайы тұраққа жеткізіледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!