Алматы қалалық полициясы жолдағы құқықбұзушылықтармен келіспеген жағдайда қалай шағым түсіруге болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы полициясының мәліметінше, егер құқықбұзушылықпен келіспесеңіз немесе әкімшілік құқықбұзушылық тіркелмеген болса, ұйғарымға шағымдануға құқығыңыз бар. Айыппұлға шағымданудың қолжетімді тәсілдері:
Жоғары тұрған органға шағымдану;
Айыппұлды сот арқылы даулауға болады.
Ескере кететіні, ұйғарымды алған күннен бастап 7 күн ішінде айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеуге болады.
Еске салсақ, алматылық жүргізушілерге жол ережесіне қатысты екі ай бұрынғы айыппұлдар келе бастаған. Полицияның түсіндіруінше, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс нормаларына сәйкес құқық бұзушылық жасалған күннен бастап әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі екі айды құрайды.
Алматы жолдарында жыл басынан бері автоматты тіркеу жүйелері арқылы 3,8 миллион құқықбұзушылық анықталған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!