- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- жаза туралы
Айыппұл төлемеген Астана тұрғыны 7 жылға қамалды
Астана тұрғыны айыппұл төлемегендіктен 7 жылға темір торға қамалды. Бұл туралы елорда прокуратурасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала тұрғыны лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара бергені үшін 240,3 млн теңге көлемінде айыппұл жазасына кесілген. Кінәлі тұрғын сот орындаушысына 196 млн теңге мөлшерінде айыппұлды ішінара төлеу туралы түбіртектердің көшірмелерін табыстаған.
Нұра ауданы прокуратурасының талдауы барысында бұл сома мемлекет кірісіне түспегені, ал айыппұл төленбегені анықталды. Берілген түбіртек жалған болып шықты.
"Сот орындаушысы айыппұлды бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жөнінде сотқа жүгініп, бұл ұсыныс қанағаттандырылды. Айыппұл жазасы 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды", - деп жазылған хабарламада.
Жалған түбіртектерді беру дерегі бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова