- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Айыппұл төлегіңіз келмесе,...
Айыппұл төлегіңіз келмесе, жол ережесін бұзбаңыз – ІІМ жүргізушілерге
Фото:
Tengrinews.kz
Ішкі істер министрлігі Игорь Лепеха қазақстандық жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жол ережесін сақтасаңыздар болды. Осылайша, сіздер айыппұл төлемейсіздер, жауапқа тартылмайсыздар. Біз «бұрын жол ережесін бұзғанда 5 АЕК (18 460 теңге, 1 АЕК – 3692 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейтін едік, қазір 10 АЕК (36 920 теңге) төлейтін болдық» деп айтамыз ғой. Сондықтан жол ережесін бұзбайық, - деді Игорь Лепеха Мәжіліс кулуарында.
Бұған дейін елімізде жыл сайын мас жүргізушілердің кесірінен 100-ге жуық адам көз жұматыны хабарланған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!