Астанада "Бәйтерек" монументінде гендер пати өткізген жас жұбайлар көпшілікті таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде ерекше гендер пати жасаған ерлі-зайыптының видеосы қызу талқыға түсіп жатыр. Көпшілігі мұндай жерде өткізу құны қанша екені және қалай рұқсат алуға болатынын сұрап жазған.
Видеоны әлеуметтік желіде Зарина есімді қолданушы жариялаған. Бейнежазба 47 мыңнан астам ұнату белгісі, 200-ге жуық пікір жазылған.
@zarina_alif Gender party #genderreveal #genderpartyastana ♬ оригинальный звук - Zarina A.
Желі қолданушылары "бұл үшін тендер ойнату керек", "немесе әкімдікте жұмыс істеу керек", "қанша теңге болады екен", "салют атқаны үшін айыппұл салмай ма", "гендер пати болса осындай болсын", "қандай күшті идея", "700-800 мың болуы мүмкін" деп жазды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!