Айыппұл, қамауға алу: ІІМ сталкингке байланысты ескерту жасады

Айыппұл, қамауға алу: ІІМ сталкингке байланысты ескерту жасады
Фото: depositphotos.com

Ішкі істер министрлігі сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, қайта-қайта қоңырау шалу, хабарлама жіберу, әлеуметтік желілер арқылы бақылау, адамның еркінен тыс ізіне түсу - сталкинг.

"Бұл әрекеттер адамның қауіпсіздігіне және психологиялық жай-күйіне тікелей қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 115-1-бабына сәйкес сталкингке заңмен қатаң жауапкершілік көзделген. Бұл бапқа сәйкес 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынып, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген", - деді ІІМ өкілі.

Сондай-ақ, 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

"Заңбұзушылық міндетті түрде жауапкершілікке әкеп соғады. Өзге адамның "жоқ" деген жауабына құрметпен қарау міндеттелген", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget