Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері өзгереді. Тағы қандай өзгерістер болады? Massaget.kz тілшісі шолу жасады.
Бүгін Парламент 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті.
Айта кетейік, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мына жағдайларда қолданылады: жәрдемақы, зейнетақы және әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу; салық және басқа да міндетті төлемді есептеу; айыппұл мен басқа санкциялардың мөлшерін анықтау. Жыл сайын АЕК мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері өзгерген соң айыппұл көлемі де өзгереді. Мәселен жылдамдықты сағатына 10-20 шақырымға арттырғаны үшін айыппұл 5 АЕК немесе 21 625 теңге болады. Сағатына 20-40 шақырымнан асып кеткені үшін 10 АЕК, бұл дегеніміз - 43 250 теңге. Сағатына 40 шақырымнан асқаны үшін 20 АЕК, яғни 86 500 теңге төлеуге тура келеді. Бір жыл ішінде қайталанса, 30 АЕК, 129 750 теңге төлеуі қажет.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!