Айыппұл, жәрдемақы, зейнетақы мөлшері: 2026 жылы тағы не өзгереді?

Айыппұл, жәрдемақы, зейнетақы мөлшері: 2026 жылы тағы не өзгереді?
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері өзгереді. Тағы қандай өзгерістер болады? Massaget.kz тілшісі шолу жасады.

Бүгін Парламент 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті.

Негізгі көрсеткіштер қалай өзгереді?

  • АЕК - 4 325 теңге (2025 жылы бұл - 3 932 теңге).
  • Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) - 85 000 теңге (өзгеріссіз).
  • Ең төменгі зейнетақы - 69 049 теңге (2025 жылы бұл - 62 771 теңге).
  • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 35 596 теңге (2025 жылы бұл - 32 360 теңге).
  • Ең төменгі күнкөріс деңгейі - 50 851 теңге (2025 жылы бұл - 46 228 теңге).

Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Айта кетейік, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мына жағдайларда қолданылады: жәрдемақы, зейнетақы және әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу; салық және басқа да міндетті төлемді есептеу; айыппұл мен басқа санкциялардың мөлшерін анықтау. Жыл сайын АЕК мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Айыппұл бойынша

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері өзгерген соң айыппұл көлемі де өзгереді. Мәселен жылдамдықты сағатына 10-20 шақырымға арттырғаны үшін айыппұл 5 АЕК немесе 21 625 теңге болады. Сағатына 20-40 шақырымнан асып кеткені үшін 10 АЕК, бұл дегеніміз - 43 250 теңге. Сағатына 40 шақырымнан асқаны үшін 20 АЕК, яғни 86 500 теңге төлеуге тура келеді. Бір жыл ішінде қайталанса, 30 АЕК, 129 750 теңге төлеуі қажет.

Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget