2025 жылы қазақстандықтарды бірнеше жаңалық күтіп тұр. Massaget.kz тілшісі маңызды өзгерістерге шолу жасады.
Айлық есептік көрсеткіш қалай өзгереді?
Қазақстанда 2025 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) бекітілді. Оның мөлшері - 3 932 теңге. 2024 жылмен салыстырғанда АЕК мөлшері 6,1 пайызға, 240 теңгеге өсті.
Айлық есептік көрсеткіш мына жағдайларда қолданылады:
- жәрдемақы, зейнетақы және әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу;
- салық және басқа да міндетті төлемді есептеу;
- айыппұл мен басқа санкциялардың мөлшерін анықтау.
Жыл сайын АЕК мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі. Заңға Қазақстан Президенті 2024 жылғы 4 желтоқсанда қол қойды.
depositphotos.com
Ең төменгі жалақы және зейнетақы қалай өзгереді?
2025 жылы мынадай өзгеріс болады:
- Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) - 85 000 теңге.
- Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 32 360 теңге.
- Зейнетақының ең төменгі мөлшері - 62 771 теңге.
- Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 932 теңге.
- Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шегі - 46 228 теңге.
Жасанды интеллект
Айыппұлдар қалай өзгереді?
Қазақстанда 2025 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 3 932 теңге болып өзгереді. Осыған байланысты айыппұлдар да 6,1 пайызға өседі.
- Рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл көлемі 3 000 АЕК-ке өсті. 2025 жылдан бастап 1 АЕК - 3 932 теңге, демек 3 000 АЕК 11 796 000 теңге болады.
- Кіреберісте қоқыс қалдыру. Бұл үшін 20 АЕК айыппұл салынады. Ал бұл әрекетті азамат бір жыл ішінде қайталап жасаса, онда 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 20 АЕК 78 640 теңгеге тең болса, 30 АЕК - 117 960 теңге.
- Тыныштықты бұзу. Бұл жағдайда тәртіп бұзған жеке тұлғаларға 5 АЕК (19 660 теңге), бір жыл ішінде қайталанса, 10 АЕК (39 320 теңге) айыппұл салынады. Ал кәсіпкерлерге 20 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін (78 640 - 589 800 теңге) айыппұл салынады.
- Қоғамдық орында түкіру. Қоғамдық орында түкіргені үшін, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде қоқыс тастағаны үшін құқық бұзған адамға бірінші рет 5 АЕК, яғни 19 660 теңге айыппұл салынады. Ал азамат осы әрекетін қайталаса, 10 АЕК, яғни 39 320 теңге көлемінде айыппұл төлейді.
- Көлік жүргізгенде телефон пайдалану немесе белбеу тақпау. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны, қауіпсіздік белбеуін тақпағаны және көлік жүргізіп бара жатқанда телефон пайдаланғаны үшін жүргізушілерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл - 2025 жылы 19 660 теңге.
- Құжатсыз көлік жүргізу. Көлік жүргізу құқығы жоқ жүргізуші көлік тізгіндесе, 20 АЕК, яғни 78 640 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Көлік басқару құқығынан айырылғандар көлік жүргізсе, 50 АЕК, яғни 196 600 теңге айыппұл салынады немесе 20 тәулікке қамауға алынады.
- Автобуста жолақы төлемеу. Қала және қала маңындағы қоғамдық көлікте жолақыны төлемегендерге 2 АЕК, яғни 7 864 теңге айыппұл салынады.
- Кәмелетке толмағандардың түнде жүруі. Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінсіз 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде жүрсе, олардың ата-анасына 3 АЕК (11 796 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Ал 18 жасқа толмаған бала 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін үйден тыс жерде жүрсе, онда заңды өкілдеріне ескерту жасалады. Егер осы әрекеттер бір жыл ішінде қайталанса, онда баланың заңды өкілдеріне 7 АЕК (27 524 теңге) айыппұл салынады.
- Жолды кесіп өту. Жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны үшін (қате жерден өту және т.б.) 2 АЕК (7 864 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін айыппұл 10 АЕК-ке (39 320 теңге) дейін өседі.
- Жылдамдықты асыру. Көлік жылдамдығын сағатына 10-20 шақырымға асырғаны үшін айыппұл 5 АЕК (19 660 теңге), сағатына 20-40 шақырымға асырғаны үшін 10 АЕК (39 320 теңге), сағатына 40 шақырымнан асырғаны үшін айыппұл қазірдің өзінде 20 АЕК (78 640 теңге). Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жылдамдықты асырғаны үшін 30 АЕК (117 960 теңге) айыппұл қарастырылған.
- Қоғамдық орында балағат сөз айту. Қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандарға 20 АЕК, яғни 78 640 теңге айыппұл салынады немесе 30 тәулікке қамауға алынады. Отбасында және тұрмыста балағат сөз айтқаны үшін ескерту немесе 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
- Мұғалімді немесе дәрігерді балағаттау. Мұғалімді немесе дәрігерді балағаттасаңыз, 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.
- Көлікті дұрыс қоймағаны үшін салынатын айыппұлдар да өсті. Тұрақ немесе тоқтау ережелерін бұзу 5 АЕК немесе 19 660 теңге (2024 жылы 18 460 теңге), ал тротуарда немесе гүлзарларға көлік қойғаны үшін 10 АЕК немесе 39 320 теңге (2024 жылы 36 920 теңге) болады. Тұрақ ақысынан жалтару 3 АЕК немесе 11 796 теңге (2024 жылы 11 076 теңге) айыппұлға әкеп соғады.
- Қызметкердің көлікті тоқтату туралы талабын орындамауға байланысты 40 АЕК немесе 157 280 теңге (2024 жылы 147 680 теңге) айыппұл салынады. Дәл осындай әрекетті қайталаса, жүргізуші құқығынан айыруға және 5 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға әкеп соғуы мүмкін. Жүргізуші құқығынан айырылған адамдарға бұл заңбұзушылық үшін 60 АЕК айыппұл тағайындалады, бұл 235 920 теңге болады (2024 жылы 221 520 теңге).
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Бір қалада зейнеткерлер автобуспен тегін жүреді
Көкшетаулық зейнеткерлер Жаңа жылдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүреді. Көкшетау - зейнеткерлерге осындай мүмкіндік беретін Қазақстандағы екінші облыс орталығы. Сондай-ақ зейнеткерлерді санатория-курорттық емдеуге қаражат қарастырылған. Барлығы - 3 миллиард теңге. Биыл 1 қазандағы жағдай бойынша Көкшетауда жасы 60-тан асқан қарттар саны - 31 644 адам.
Айта кетейік, 2024 жылғы 1 сәуірден бастап Ақтөбеде зейнеткерлер мен III топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар автобуста тегін жүре бастады. Ал Шымкентте 1 мамырдан бастап 70 жастан асқан зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдар автобуста тегін жүреді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қала тұрғындарына беріледі.
©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев
Қаңтарда қазақстандықтар қанша күн демалады?
Биыл Жаңа жылға орай аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 1-4 қаңтар аралығында, ал алты күн жұмыс істейтіндер 1-3 қаңтар аралығында демалады. Сондай-ақ 7 қаңтар - барлығына демалыс.
Одан бөлек мына күндер демалыс:
- 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін: 11, 12, 18, 19, 25, 26
- 6 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін: 12, 16, 26.
"7-20-25" бағдарламасының шарттары өзгереді
2025 жылы бұл бағдарламаны қаржыландырудың жылдық көлемі 100 миллиард теңгеге дейін артады. Одан бөлек 1 қаңтардан бастап әрбір отбасы мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем жатақханалардағы бөлмелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апат жағдайында деп танылған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 18 ай ішінде қарыз алушының (және жұбайының/зайыбының) меншік құқығында тұрғын үй болмауы туралы талапты енгізу көзделеді.
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Қандай төлемдер мен жәрдемақылар өседі?
2025 жылдың басынан бастап балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың барлық мөлшері 6,5 пайызға өседі. Әлеуметтік кодекске сәйкес балалары бар отбасыларға республикалық бюджет қаражатынан мынадай жәрдемақылар тағайындалады:
1) баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері мынадай болады:
- 1-ші, 2-ші, 3-ші бала дүниеге келген кезде 149 416 теңге (38 АЕК);
- 4 және одан көп бала туған кезде 247 716 теңге (63 АЕК).
2) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оған күтім жасауға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін):
- бірінші балаға 22 649 теңге (5,76 АЕК);
- екінші балаға 26 777 теңге (6,81 АЕК);
- үшінші балаға 30 867 теңге (7,85 АЕК);
- төртінші және одан да көп балаға 34 995 теңге (8,90 АЕК).
3) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде жалпы орта, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға олар 18 жасқа толғанға дейін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы. Жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалардың санына байланысты белгіленеді:
- 4 баласы бар отбасыларға - 63 030 теңге (16,03 АЕК);
- 5 баласы бар отбасыларға - 78 798 теңге (20,04 АЕК);
- 6 баласы бар отбасыларға - 94 565 теңге (24,05 АЕК);
- 7 баласы бар отбасыларға - 110 332 теңге (28,06 АЕК);
- 8 және одан көп баласы бар отбасыларға - әр балаға 15 728 теңгеден (4 АЕК).
4) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы:
- "Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған және I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен наградталғандарға 29 097 теңге (7,4 АЕК); "Күміс алқа" алқаларымен марапатталғандарға 25 165 теңге (6,4 АЕК).
5) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға ол 18 жасқа толғанға дейін тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы көлемі - 74 428 теңге.
depositphotos.com
6) Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы (55 жастан бастап зиян еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін) 6,5 пайызға өседі. Жәрдемақы мөлшері - 92 456 теңге.
7) Арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері де 6,5 пайызға артады:
- ҰОС қатысқан, мүгедектігі бар адамдарға - 62 912 теңге (16 АЕК);
- ҰОС қатысушыларына - 62 912 теңге (16 АЕК);
- ҰОС мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға - 29 687 теңге (7,55 АЕК);
- ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға - 24 340 теңге (6,19 АЕК);
- ҰОС-да қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне - 17 616 теңге (4,48 АЕК);
- ҰОС мүгедектігі бар қайтыс болған адамдардың әйелдеріне (күйеулеріне) - 10 066 теңге (2,56 АЕК);
- Социалистік Еңбек, Кеңес Одағының батырларына, ҰОС қатысушылары арасынан шыққан Социалистік Еңбек батырларына, Кеңес Одағының батырларына, "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" 545 094 теңге (138,63 АЕК);
- "Халық Қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға 545 094 теңге (138,63 АЕК);
- қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) әскери қызметшілердің отбасыларына 18 048 теңге (4,59 АЕК);
- ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне (38 963 адам) - 8 376 теңге (2,13 АЕК);
- Чернобыль АЭС-тағы апатты жоюға қатысушыларға - 18 874 теңге (4,80 АЕК);
- I және II топтағы мүгедек адамдарға - 6 724 теңге (1,71 АЕК);
- III топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 2 910 теңге (0,74 АЕК);
- 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға - 4 326 теңге (1,10 АЕК);
- мүгедектігі бар немесе зейнеткер саналатын саяси қуғын-сүргін құрбандарына - 4 837 теңге (1,23 АЕК);
- ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға (139 адам) - 4 837 теңге (1,23 АЕК);
- басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік әрекеттердің ардагерлеріне, оның ішінде: Ауғанстанда - 24 340 теңге (6,19 АЕК); тәжік-ауған учаскесінде, Ирактағы бітімгершілерге, Таулы Қарабақта - 18 874 теңге (4,80 АЕК).
Онлайн несие рәсімдеу қиындайды
2025 жылдан бастап елімізде онлайн несие рәсімдеу қиындай түседі. Жаңа жылдан бастап банктер онлайн несие рәсімдеуге берілген өтінімді кемі бір күн қарайды. Несиеге өтінішті алаяқ жолдағаны анықталса, азамат бір күннің ішінде несиеден бас тартып үлгереді. Онлайн несиеге өтінім берген тұтынушы биометриялық сәйкестендіруден өтіп қана қоймай, жеке басын растау үшін электрон цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) енгізуге міндеттеледі.
depositphotos.com
Ал микроқаржы ұйымдары ақшаны аударғанға дейін банк шотының немесе төлем картасының тұтынушыға тиесілі екенін тексеруі керек.
Қаңтарда ауа райы қандай болады?
Қаңтарда Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасы нормаға сәйкес болады деп болжанып отыр. Тек елдің батысында, солтүстік-батысында нормадан 1 градус жоғары болады деп күтіліп отыр (Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында).
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды.
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!