Хитмен Қайрат Нұртас тағы да жұрттың көзіне түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші табиғат аясындағы видеосын Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді. Ол жұлған гүлдің қызғалдақ емес екенін алдын ала ескерткен.
"Қазақстанымыздың табиғаты керемет қой, шіркін. Жұлынған гүл қызғалдақ емес, шабындықта өсетін кәдімгі мак гүлі. Уайымдамаңыздар. Сіздерге әдемі табиғатты көрсету үшін ақ шалбар мен жаңа аяқ киімді құрбан еттік", - деп жазды Қайрат Нұртас.
Алайда желі қолданушылары табиғатта тамсанып қана қоймай, хитменді айыппұл арқалаудан аулақ болуын өтінді.
"Айыппұл 11 млн", "9 млн айыппұл кетті", "Бүгіннен бастап көкнәр жұлғаны үшін айыппұл деп жүрмесін", "Гүлді жұлма, айыппұл төлейсің", "Қандай керемет табиғат", "Бір бейнабаян түсіру керек екен" , - деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Қайрат Нұртасты атыраулық кәсіпкер сотқа берген еді. Сот үкімі қандай? Сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!