Бірқатар БАҚ танымал Ресей және шешен саясаткері Рамзан Қадыров ауырып қалғанын, сондықтан БАӘ-нің әйгілі дәрігері Грозныйға ұшып келгенін хабарлаған еді. Қадыров осы ақпаратқа байланысты Telegram-арнасында пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Украиналық БАҚ мәліметінше, кейінгі уақытта шешен саясаткерінің бет-әлпеті өзгерген. Ал Bild неміс басылымы мәліметінше, Қадыровтың бүйрегі ауырады. Кейінгі кездері оның беті мен денесі ісінген, тіпті көзін аша алмай қалған.
Ал Қадыровтың айтуынша, жұрт оның қолындағы электрон дұға есептегішке түрлі болжам жасаған. Кейбіреулер оның медициналық құрылғы екенін айтқан.
"Электронды дұға есептегішім қаншама пікірталас тудырды және оған қандай атау қойылмады: дабыл түймесі, медициналық құрылғы, жұмбақ құрал. Барлығы болжап жатыр, болжап жатыр. Шынымды айтсам, бұл нұсқалар көңілімді көтерді. Құрметті ағам, Шешенстан Республикасының ұлттық саясат, сыртқы байланыс, баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаев менің қолымдағы қандай құрылғы екенін түсіндірді, бұл құрылғыны иесі ретінде мен де растаймын. Иә, бұл - электрон есептегіш. Ол ояу кезде әрқашан қолымда. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің құрметіне салауат айтамын. Есептегіш қанша рет салауат айтқанымды көруге мүмкіндік береді. Міне, барлық - құпия", - дейді ол.
Рамзан Қадыров денсаулығына байланысты тараған ақпаратты жоққа шығарды.
"Мені айықпас дертке шалдықты деген үмітпен өзін-өзі алдайтындар, сіздерді ренжітетінім өкінішті. Бірақ мен сап-саумын және күш-қуатым жетеді. Бұрынғыдай спортпен шұғылданамын, тауға шығамын, жаяу серуендеймін, республиканы дамытудың маңызды мәселелерін шешемін. Меніңше, бұл фантастикалық нұсқалардың авторларына дәрігер керек сияқты. Психикаларыңызда бірнәрсе бар, жігіттер, мамандарға жүгініңіздер", - деп жазған ол Желіде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!