Дизайнер және суретші Айя Шалқар қазақстандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың фанаты екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Тұрсынбек Қабатовтың фанатымын. Оның әзілі деген бөлек. Ол қаншалықты консервативті, екі ойлы болса да, бәрібір орынды, оның дәуіріне, заманына сәйкес (...) Мен ондай контентті апамның қасында қарап өстім ғой. Мектептен қайтасың, теледидар қосылып тұр. Бауыржан шоу, Тамаша, Шаншар - соның бәрі, үйде үнемі 24 сағат, аптасына 7 күн "Шалқар", "Қазақ" радиосы ойнап тұрады. Менің апам радиосыз жүре алмайды. Сондай қазақи контентті көріп өскенмін, ол түпсанада қалады ғой бәрібір", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!