Дизайнер және суретші Айя Шалқар Dope soz подкасының эфирінде болашақ күйеуінің ұлтына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Менен "Сен қазақ жігітіне (тұрмысқа - ред.) шығасың ба, әлде шетелдікке шығасың ба?", "Біз сені "шетелдікке шығады" деп ойлап жүргенбіз" дегендей сұрайды. Менде "ұлты мынадай болуы керек" деген қағида жоқ. Әрине, өз ұлтыңнан шыққан адам саған жақынырақ болады. Онымен коммуникацияны құру оңайырақ болады - бір-біріңді білесіңдер, бэкграундтарың ұқсас, ол жағынан жақсы болар еді деймін. Бірақ, өкінішке қарай, қиынырақ. (...) Кеш емес, әрине. 27-темін, әлі қартайып отырған жоқпыз", - деді Айя Шалқар.
Айта кетейік, бұған дейін Айя Шалқар қоғамда ажырасу көбейгеніне қатысты пікір білдіргенін жазған едік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз