- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Айтыскер Айшолпан Тілеутай...
Айтыскер Айшолпан Тілеутай Тұрсынбек Қабатовтың әйелімен жанжалдасып қалды
Танымал айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай бұрынғы продюсері Мөлдір Мұқановамен арадағы жанжалға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, бұрынғы продюсері ақынға жала жапқан.
"Бұл - тағы да әділдік талап ететін видео. Мен бұған жауап бермейін деп едім, алайда оқырмандар сұранысы бойынша жауап беруге тура келді. Менің бұрынғы продюсерім, атақты Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір ханым маған жала жауып, сұхбат бергенін барлығыңыз көрдіңіздер. Жанындағы журналистер менің дене бітіміме тиісіп, мысқылдап күліп отырғанына қатты намысым ұстап, жүрегім ауырды. Менің де намысым бар, оны таптатпайтын қызбын. Өткенде айтқандай, мен ешкімнен қорықпаймын. Астанаға арман қуып келдім. Жас болған соң, бойымда жалын болған соң Астанаға келдім. Әкем - күзетші, анам - ұстаз. Сіздер сияқты асып-тасып жатқан байлығым жоқ. Ата-анамның үмітін ақтау үшін Астанаға келдім. Мөлдір ханымға жылап-еңіреп бармадым, Мөлдір ханым маған келіп, жұмыс істеуді ұсынды", - дейді ол видеода.
Ақынның айтуынша, Тұрсынбек Қабатов пен оның жары Мөлдір Мұқанова келісімшартта көрсетілген талаптарды орындамаған, айлық төлемеген.
"Астанада мені қолдайтын, қорғатын адам бар екен деп келісімшартқа отырдық. Келісімшарт бойынша Тұрсынбек аға мен Мөлдір ханым "Әзіл әлеміне" шығарып, киноға түсіру керек еді, концертпен және киіммен қамтамасыз етіп, айлығымды уақытылы төлеп отыруы керек болатын. Өкінішке қарай, бұл кісілер 5 талаптың біреуін де орындаған жоқ. Мені жаз бойы бай-манаптардың, министрлердің тойына тегін салып, аяғында ақшамды бермей қойды. Бір министр ағамыз домбыра сыйлаған еді, оны Мөлдір ханым "саған бере алмаймын, мен арқылы алдың деп өзінің үйіне қойды". "Осындай адамдармен қалай жұмыс істеймін" деп телефонымды алмай қойдым. "Айшолпанға бір костюм тігіп берген едім, сол костюмді әлі киіп жүр" дегенін естідім. Мөлдір ханым, егер сіз проектке костюм тігіп берсеңіз, ол сіздің продюсерлік міндетіңіз. Егер костюм тігіп бере алмасаңыз, продюсер болмай-ақ қойыңыз. Тұрсынбек аға мен Мөлдір ханым, маған төлемеген айлықпен байып кете қойыңыздар. Менің мазамды алмаңыздар, аяқтан шалмаңызар, өтірік айтып байбалам салмаңыздар", - дейді өнер иесі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, продюсер Мөлдір Мұқанова Айшолпан Тілеутаймен болған келіспеушілік туралы "Парадокс" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
"Айшолпан халыққа ренжи береді екен. Продюсерім болыңыз деді, 5 жылға келісімшартқа отырдық. Ішіндегі 2 пунктін алып тастадық. Бірі - күйеуге шығу, екіншісі - артық салмақ, салмақ қоса берсе болады дедім. Бәрі әдемі басталды. Кейін Айшолпан жоқ болып кетті. Кейін жылап келді, кешірдім. Сосын тағы бұл мінезі шыға бастады. Үлкендігімді көрсетіп жазып жібердім. Бірақ маған ренжіп жауап қайтарыпты. Айлық бердім. Бірақ оны костюм, пиар деген нәрсеге жұмсадым. Негізі алып кететін едік, жақсы бастап едік. Енді оны кешірмеймін", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек