“Айтыс төрінен көрініп, қуантып жүр“. Жүрсін Ерман президент кеңесшісімен кездесті

Президенттің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Берік Уәли ақын Жүрсін Ерманмен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, ақынмен бірге түскен фотоларын жүктеді.

"Ұлттық өнердің кең жүректі жанашыры, ақын Жүрсін Ерман ағамызбен кездесіп, мәдениет пен руханият тақырыптарында пікір алмастық. Ауырып қалғанында алаңдап қалған едік, кейінгі кезде республикалық айтыстардың төрінен көрініп, қуантып жүр. Қырық жыл бойы қазақтың айтыс өнерінің басы-қасында жүрген, жыр додаларының қара нары атанған Жүрсін ағамыз аман болсын!", - деп жазды ол.

Еске салайық, ақын, айтыстың абызы Жүрсін Ерман республикалық айтыстардың бірінде көзге түскен еді.

Оған дейін ақын біраз уақыт денсаулығы нашарлап, ел алдына шықпаған еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!