Танымал әнші, сазгер, композитор Гауһар Әлімбекова "ХабарLike" бағдарламасына берген сұхбатында Қайрат Нұртас әндерін рұқсатсыз орындап жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, көпшілік Қайрат Нұртас әнін орындап жатқаны түсірілген видеоның сілтемесін жиі жібереді.
"Көпшілік маған сілтеме жіберіп жатады. Сілтемеге кірсең, Қайрат Нұртастың "Келін" әнін айтып жатқанын көресің. Екінің бірі жібереді. Бәрінің сұрағы бір. "Қайрат сізден рұқсат сұрады ма?" дейді. Мен "жоқ, сұраған жоқ", деймін. Жарайды, айтса, айта берсін. Бір күні Гүлекең (Гүлзира Айдарбекова) өзі хабарласты. Әңгімелесіп отырып, "әнді естідің бе? Қайрат айтты ғой" деді, мен "иә, айтпақшы, мен сәл ренжідім. Неге маған бір ауыз айтпадыңыздар? Неге мен жұрттан естимін?" дедім. Маған ескертсе, мен қарсы болмаймын ғой. Сөйтсем, "бірден кавер жазып шығарды, айтуға уақыт болмай кетті" деді. Мен "жарайды" деп қойдым. 2 аптадан кейін Қайраттың орынадауында тағы бір әнім шықты. "Неге бұлай істеді екен?" дедім де қойдым. Бірақ әлі сұраған жоқпын. Орындап жатқан Қайрат екенін білемін, бір ауыз айтуы керек еді. Бір жағынан дастархандаспыз, көп сөйлесеміз, сырласамыз, сондықтан өзіміз ғой деп сұрамаған шығар", - деді Гауһар Әлімбекова.
Айта кетейік, бұған дейін "Мен тірі тұрғанда сені "Республика сарайына" жолатпаймын" деді". Гауһар Әлімбекова сахнадан көрінбей кетуінің себебін түсіндіргені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Мұсылмандарға брекет салдыруға бола ма?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!