"Жұлдыз" радиосындағы Zhuldyz LIVE жобасының кезекті шығарылымында Бақыт Шадаева қонақта болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бақыт Шадаеваның сахнада жүргеніне 35 жыл болған. Ол 1988 жылы "Жас жігер" байқауына қатысып, лауреат атанған, кейін "Гүлдер" ансамблінде жұмыс істеген. Ал 1994 жылы "Жас қанат" байқауына, сондай-ақ, Мальта Республикасында өткен ән байқауына қатысқан.
"Әрине, барлығы болды. Жеңдік те, арасында жеңілген де сәттер болды. Дегенмен бұл - өмір. Аллаға шүкір, әлі күнге дейін өнерді арқалап келе жатырмыз. Өнерсіз өмір жоқ сияқты. Сондықтан әлі күнге дейін өнердемін", - дейді әнші.
Әнші өзінің жинақы, сұлу болып жүруінің сырын айтты.
"Оның сыры тәртіпке байланысты. Барлық жағынан тұрақты болуы керек. Бәрін уақытымен, орнымен орындау керек. Уақытты бос өткізбеу керек. Тамақ жесеңіз де, асырмау керек", - дейді ол.
Бақыт Шадаева Димаш Құдайбергенге қатысты даулы мәселеге пікір білдірді.
"Ол енді кең тарап кетеді деп ойлаған жоқпын. Сол жерде қателесуім мүмкін. Дегенмен үлкен апалары сөз айтса, оған құлақ түрсе, оның үстіне, байқап келе жатырмын, кейінгі шығып жатқан орындаулары өте мықты. Сондықтан ризамын. Әйтеуір құлағына жеткен сияқты", - дейді Димаш Құдайберген.
Айта кетейік, өткен шығарылымда Zhuldyz LIVE жобасында Кеңес Әлімжан қонақта болған еді.
Еске салайық, сүйікті әншілеріңіз жанды дауыста айтып, сұрақтарға жауап беретін жоба әр сәрсенбіде сағат 18.00-ден 19.00-ге дейін өтеді.
24 тамыздағы радиоконцертті TengriTV Youtube-арнасы мен zhuldyz.fm Instagram-парақшасынан көре аласыздар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!