Астанада Шымкенттің экс-әкімі Марат Әйтеновтің ағасына қатысты сот процесі тоқтатылды. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Прокурор Әйтеновті жаза тағайындауды сұрағанда соттың басқа қатысушыларының кейбірі офлайн, кейбірі видеоконференция арқылы сөйлей бастады. Кенеттен конференцияны ұйымдастырушы – қалалық сот Zoom-нан шығып кетті. Бұл дәл Астанадағы күн кенет бұзылған сәтте болды.
Судья біраз уақыттан кейін Zoom-ға оралып, Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты байланыс үзіліп қалғанын айтты. Осылайша, процеске қатысушылар жылдамырақ сөйлеуге мәжбүр болды.
Еске салайық, прокурор Марат Әйтеновті бұрынғы әйелін ұрып-соққаны үшін кінәлі деп танып, 12 тәулікке қамауға алуды сұрады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!