- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Айтбек қарындасының қазасынан...
"Айтбек қарындасының қазасынан пайда тапқысы келеді". Бишімбаевтың сот отырысына келген ресейлік блогер бәрін "хайпқа" теңеді
Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың кезекті сот отырысына ресейлік блогер Наталья Грэйс келді. Ол марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің барлық іс-әрекетін хайп деп санайтынын, сондай-ақ айыпталушы қылмысты аффект жағдайында жасағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "AQOSlive" Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ресейлік блогер өзін нейрохирург ретінде таныстырып, айыпталушыға қатысты жеке пікірін білдірді.
"Менің бақылауым бойынша, сотталушы қылмысты аффект жағдайында жасаған, мұны көптеген белгі көрсетіп отыр", - деді ол.
Сонымен қатар, блогер тілшіге Қазақстан аумағында ақпарат жинау үшін Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігіне тіркелмегенін мойындады.
"Менің YouTube-арнама миллион адам тіркелген, ал БАҚ Заңы бойынша мыңнан астам оқырманы бар парақша БАҚ болып есептеледі.
Мен Айтбек бұл оқиғаның коммерциялық жағына қызығып тұр деп ойлаймын, сондықтан мейлінше сот отырысын созып, оқиғадан көбірек пайда тапқысы келеді. Өйткені көп адам коммерциялық негізде “хайп” деген нәрсемен айналысады.
Мен Қазақстан аумағында ақпарат жинау үшін Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігіне тіркелмедім. Бірақ бұл маған азамат ретінде ашық дереккөздерден, әлем бойынша жүргізіліп жатқан трансляциядан ақпарат жинауға кедергі келтірмейді. Мен ақталмаймын. Мен өзіме керек ақпараттың бәрін алдым, көзіммен көрдім және бұл шығарылымды мен бәрібір жасаймын. Өзім байқаған барлық заңбұзушылық пен қоғамға жасалып жатқан қысым туралы ашық айтамын. Сот отырысына екінші рет кіретін ойым жоқ", - деді блогер.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә