Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың өмір бойына сотталмауының негізгі себебін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айтбек Амангелдінің сөзінше, үкім шығарарда ең алдымен қазақстандық тәжірибе ескерілген.
"Өмір бойына соттау жазасы 3 немесе 4 рет қана тағайындалған. Екіншіден, шешімді алқабилер шығарды. Сондықтан кемінде бір адам өмір бойына соттау жазасын тағайындауға қарсы шыққан", - дейді Айтбек Амангелді "Что скажете? С Алтын Мендыбаевой" арнасына берген сұхбатында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!