Айсұлтан Назарбаевтың 2020 жылғы Трампқа қатысты болжамы дәл келді

Айсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы әлеуметтік желіде жариялаған Америка билігіне қатысты болжамы орындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, марқұм Айсұлтан Назарбаев - экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені. Ол осы жазбасын жариялағаннан кейін екі айдан соң қайтыс болды. 

Айсұлтан Назарбаев 2020 жылы әлеуметтік желідегі парақшасында Дональд Трамп 2024 жылғы сайлауға қатысып, жеңіске жететіні туралы жазған болатын. 

"Трамп екінші рет президент болып, Америкада демократия жоқ екеніне көз жеткізесіздер. Ол жерде бәрі ақшамен шешіледі! Трамп АҚШ тарихындағы соңғы президент болады. Ұлы державаның құлауымен барлығы күйрей бастайды", - деп жазған болатын ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Еске салайық, бүгін Тоқаев Трампты сайлаудағы жеңісімен құттықтаған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!