Жетісу облысында алаяқтың әрекеті дер кезінде әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сауда орталықтарының бірінде телефонмен сөйлесіп тұрған егде жастағы әйел полицияның назарын аударған. Әңгіме сипаты полицейлерге күдік тудырған.
Зейнеткер қобалжып, біреудің нұсқауымен әрекет етіп жатқандай көрінген. Полиция қызметкерлері белгісіз адамдар зейнеткерге қоңырау шалып, "тексеріс жүргізу" мақсатында SMS арқылы келген кодты айтуды талап еткенін анықтаған.
Алаяқтар зейнеткердің атына 5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеуге тырысқан, алайда банк тек 2 миллион теңгені мақұлдаған.
"Зейнеткер осы соманы алаяқтарға аудармақ болған. Полиция қызметкерлері телефонды беруді сұрап, өзін Айсел деп таныстырған әйелмен сөйлесті. Ол зейнеткердің қызы екенін айтты, бірақ әйелдің аты-жөні мен тегін атай алмады. Бұл алаяқтық әрекетті растады", - деді өңір полициясы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!