Актриса, продюсер Баян Мақсатқызы екінші жолдасымен некелесетін кезде қандай қиындыққа тап болғаны туралы "Мамский әңгіме" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, алғашында қызы Айсәуле бұл шешіміне қарсы болған.
"Тұрсынмен некелескен кезде балалармен келіспеушілік болғаны рас. Әсіресе, Айсәулеге ауыр соққы болды. Ол Тұрсынды қабылдамай жүрді. Бірақ ол кезеңнен қиындықсыз өтіп кеттік. Өйткені қызым мені түсініп, қолдайтынын айтты. Бір күні ашық сөйлестім. "Айсәуле, бұл – менің өмірім және менің таңдауым. Сен мені отбасылық өмірге қадам басқанда түсінесің. Мен сені ешқашанда біреудің жеке шекарасына кірме, оның таңдауын сыйла деп тәрбиеледім. Сен ересек адам ретінде мені түсінуге тырысып, қолдағаныңды қалаймын. Бойжетіп тұрмысқа шыққанда сенің таңдауыңды мен қолдаймын және қасыңнан табыламын” дедім. Содан кейін ол түсініп, Тұрсынмен қарым-қатынасын жақсартты. Ол кезде Айсәуленің жасы 20-да болатын. Ересек адам ретінде менің таңдауыма кедергі болмады. Тұрсын да қыздарымды жақсы көріп, сыйлады. Содан кейін Айсәуле екеуміз бұл тақырыпқа оралған емеспіз", – деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!