Белгілі ақын Айнұр Тұрсынбаева Желідегі парақшасында Ыстамбұлдағы үйін көрсетіп, жұртты тамсандырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақын үйін әрбір бөлмеге жеке-жеке тоқталып көрсетті. Оның айтуынша, бұл үйге көшіп келгеніне көп бола қоймаған.
"Осы үйді ең алғаш көргенде алатындай мүмкіндігім болмады. Бірақ, Ыстамбұлдың айналасындағы виллаларды қарап жүріп осы үйді ұнатып, алты рет келдім. Үй иесіне өзімнің ұсынысымды айттым, бірақ ол келіспеді. Алтыншысында Алладан дұға тілеп отырып соңғы рет хабарласып көрейінші деп хабарласып, ұсынысымды тағы айттым. Ол келісті, содан үйлі болдым", - дейді Тұрсынбаева.
Видеода қымбат әрі бағалы жиһаздармен жабдықталған Қазақстаннан келетін қонақтарына арналған бөлмесі желі қолданушыларының назарына бірден ілікті.
Ондағы диван, креслолардың ең қымбат ағаштан жасалғаны, жасыл түсті перде мен жалт-жұлт еткен аспалы шам да арзан емес екені көрініп тұр.
"Тағдырыма ризамын! Ата-анама ризамын! Алланың берген түрлі сынақтарына ризамын! Алақанда аялаған халқыма ризамын! Өзіме ризамын!
12 жасымнан халықты 30 жыл айтысып шабыттандырсам, енді бай болыңдар деп шабыттандырып жүрмін... Мына үй сіздерге шабыт берсін.
Кешегі Көкжырада тезек теріп жүрген Айнұрдың 45 жасында қолы жеткен үйге, қазіргі пысық қыздар 30-ға жетпей жетіп жатыр ғой... Әлем дамып барады. Уақыт зуылдап барады... Мүмкіндік деген толып тұр! Қазақтың бәрі бай болсын! Төрт құбыласы сай болсын!", - деп жазған ақын.
Видео әлеуметтік желіде тез таралып, жұрт түрлі пікір қалдырды. Көпшілік әншінің үйінің іші керемет екенін айтып, "құтты болсын", "бізге де жұғысты болсын" деп жазған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!