Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева туған күнінен әлеуметтік желіге видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнерпаз өзінің 46-жасын Ыстамтамбұлда қарсы алды. Айнұрдың жақындары түнгі сағат 00:00-де арнайы үйіне барып құттықтады. Бұл туралы ақын өзінің Instagram-парақшасына жариялады.
"Бүгін менің туған күнім. Мені осындай достармен танысып, табысқаныма қуаныштымын. Мені өз-өзіммен бір секундқа да жалғыз қалдыра көрме. Жүрегімді шексіз қуанышқа бөлей көр. Маған тілеген жақсы тілектеріңе көп рақмет. Өзіме тілегенді сіздерге де тілеймін. Стамбулдық жақындарыма 00:00-де құттықтап қуантты", - деп жазды ол.
Желіде эстрада жұлдыздары ақынды бірінен соң бірі жарыса құттықтады.
Туған күн иесін құттықтап оқырмандар толассыз пікір қалдырған.
"Керемет", "Туған күніңіз құтты болсын", "Жаңа өмірге сәби болып келген күніңізбен", "Туған күніңізбен, бар жақсылықты тілеймін", "Жаңа жасыңызбен", "Қандай әсерлі, әдемі видео", "Ана бақытын тілеймін, ғұмырлы болыңыз", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!