Танымал айтыскер Айнұр Тұрсынбаева 6 қызметкеріне Балиге жолдама сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы айтыскер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Қазір мен офиске бара жатырмын. Командамның қыздарына, бәріне айттым "Қатал жиналыс болады. Бәріңе ескерту айтамын деп. Бәрі жиналып қазір мені күтіп отыр", - деді әуелі Айнұр Тұрсынбаева.
Кейін қыздармен офисте жиналыс жасап отырған видеосын жариялады.
"Жиналыста өзімше есеп алып отырмын. Миллионер курсын жасадық. Әсел, сен де жасап жатырсың ба сатылым? Арука, сенікі қалай боп жатыр, маска сату. Сен WhatsApp-тан жазатындар үшін маскада отырсың ба? Бриллианттарға қалай, сатылым басталды ма? Жалпы осы жердегі бес қыз бар, команданың бастығы Бота бар, 6 қызға ескерту емес, тосынсыйым бар. Балиге жолдама!", - деді айтыскер.
Мұндай тосынсый күтпеген болса керек, командасындағы қыздар қуаныштан секіріп, бір-бірін құшақтап, артынша Айнұр Тұрсынбаеваны құшақтап, алғыс айтып жатыр.
"Тосынсыйым осылай. Еңбектің наны тәтті, иә?", - деп қорытындылады Айнұр Тұрсынбаева.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!