Айнұр Серғазиева қызметінен босатылды

Айнұр Серғазиева Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Айнұр Қамидоллақызы Серғазиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Айнұр Серғазиева туралы не белгілі? 

Ол Алматы энергетика және байланыс университетін радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша бітірген. Бұған дейін мынадай қызметтер атқарған:

  • 2010 жылдан 2013 жылға дейін - "Алматы энергетика және байланыс университеті" КЕАҚ-ның орта оқу біліктілігі маманы.
  • 2013-2015 жылдары - "Алматы энергетика және байланыс университеті" КЕАҚ-ның жоғары оқу біліктілігі маманы және тәрбие жұмысын үйлестіру, әдістемелік қамтамасыз ету секторының меңгерушісі.
  • 2016-2018 жылдары - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның маманы, жетекші маманы.
  • 2018 жылдан 2022 жылға дейін - "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ-ның жобалар менеджері, бағдарламалар менеджері, мемлекеттік бағдарлама бағытының басшысы, жауапты хатшысы, басқарушы директоры.
  • 2022 жылғы 31 қаңтардан бастап Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының цифрландыру жөніндегі орынбасары болды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!