• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Әйнектерді сындырып жүрген: Алматыда көлік ұрысы қолға түсті

Әйнектерді сындырып жүрген: Алматыда көлік ұрысы қолға түсті
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Алматыда бөтен адамдардың көліктерінің әйнегін сындырып, дисплейлерін ұрлаған адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу барысында 48 жастағы күдіктінің осыған ұқсас төрт ұрлыққа қатысы бар екені белгілі болды.

"Жедел деректерге сәйкес қаскөй қаланың басқа жерлерінде де тек түнде ұрлық жасап жүрген. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полциция.

Сондай-ақ ол бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған болып шықты. Қазір күдікті қамауға алынды.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейтіні айтылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget