- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әйнегін сындырған". Астанада...
"Әйнегін сындырған". Астанада ер адам аялдаманы қиратып кеткен
Мас күйде аялдамаға зақым келтірген астаналық әкімшілік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияға белгісіз біреудің мас күйде аялдама павильонының әйнегін бүлдіріп алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Осы дерекке қатысты қаланың 21 жастағы тұрғыны анықталды.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігімен 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолдану, сондай-ақ 147-1 бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Ер адамға айыппұл салынады немесе 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.
Ол уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды. Жинақталған материал әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім қабылдау үшін жолданды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина