- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Айнадан көруге болатын...
Айнадан көруге болатын "ауыз қуысы" қатерлі ісігінің 6 белгісі
Кейде сіздің денеңіздегі өзгерістерге назар аудармауыңыздың салдары ауыр болуы мүмкін. Ауруды асқынғаннан кейін емдеуден көрі, алдын ала тексеруден өтіп, мазасыздықтың себептерін білген абзал. Мәселен сіз тіс дәрігерінің қабылдауында соңғы рет қашан болдыңыз? Бұл дәрігерге уақыт та, ақша да жетпей жатады. Алайда тіс жегісінің маңында пайда болуы мүмкін қатерлі ісікті дәл осы мамандар алғашқы болып байқайды. Тіс дәрігері Нил Сикка айнаға қарап аңғаруға болатын ауыз қуысы қатерлі ісігінің 6 белгісін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
- Ауыз қуысының жаралары
Ауыз қуысында ұсақ жаралар түрлі себептерге байланысты пайда болуы мүмкін. Кейде бұл стоматитке қатысты, ал кейде сіз тамақ ішкен кезде тіндерді өзіңіз жарақаттайсыз. Алайда мұндай зақымданулар екі апта ішінде жазылуы керек. Егер жаралар жазылмаса, керісінше мөлшері ұлғая берсе - бұл онкология болуы ықтимал.
- Ісіну және төмпешіктер
Жақ аймағындағы ісінулер мен төмпешіктер қатерлі ісіктің басты белгілері. Себебі ауыз қуысының қатерлі ісігінде тілде, ерінде немесе қызыл иекте кішкентай өсінділер пайда болуы мүмкін. Ал ауыз қуысы трахеямен байланысатын тамақ аймағында ісік сирек пайда болады. Кейде төмпешіктер ерінге немесе ауызға кішкене түйін сияқты көрінеді.
- Ауыздағы ақ немесе қызыл дақтар
Ауырсыну, тіпті кішкене жанасуға сезімтал дақтар да ауыз қуысының қатерлі ісігінің симптомы болуы мүмкін. Кейде олар саңырауқұлақ инфекциясының кесірінен пайда болады. Бірақ бұл жағдайда саңырауқұлаққа қарсы емдеу шаралары оларды жойып жіберуі керек. Егер жара жазылмаса дәрігерден көмек сұрау керек.
- Тістердің босауы
Егер сіз тісті жарақаттамаған болсаңыз және ол қозғалып тұрса, бұл онкологиялық ауру болуы мүмкін. Десекте ұзақ тістерін ерте жоғалтқан ересек адамда мұндай нәрсе болмауы керек. Айтпақшы, ауыз қуысының қатерлі ісігі бар науқастарда тіс жұлғаннан кейін қызыл иек ұзақ уақыт емделеді.
- Жұтыну кезіндегі ауырсыну
Әрине, әдеттегі суық немесе тамақ ауруы кезінде, тамақ қабынған болса ас ішу өте қиын. Алайда бұл симптом ұзаққа созылса және сіз тамақтың тамағыңызға жабысып қалғандай әсерін сезінсеңіз дереу онкологқа бару керек.
- Дауыстың қарлығуы
Кейде дауыс адамның жасына қарай өзгереді. Егер сіз бір күн бұрын сүйікті топтың концертінде қатты айқайласаңыз, ол қарлығуы мүмкін. Бұл темекі шегушілерде де болады. Алайда, егер сіздің дауысыңыз тұрақты түрде қарлығар болса, сіз қатерлі ісікке тап болуыңыз мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов